Lesson Stady – сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік. » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Lesson Stady – сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік.
01
желтоқсан
2022

Lesson Stady – сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік.

Қайырлы күн достар!!!
Lesson Stady – сыныпты зерттеу  нысаны  немесе  түйінді  сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік. 
 Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. «Зерттеу сабағы қарапайым идея болып табылады. Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен бірге жұмыс істеу-жоспарлау, бақылау және сабақ бойынша ой жүгіртудің қаншалықты маңызды екені  анық емес пе? (Lewis, 2002) тұжырымдамасы бойынша  жаңа технологияның бірі:
 Lesson Study әдісі – ондағы басты мақсат әріптестермен бірігіп,
•Сабақ жоспарын  құру
•Зерттеу сабағын талқылау
•Сабақтың жоспарын талқылау
•Зерттеу сабақтарын өткізу болып табылады. 
  Аталмыш  зерттеу сабақтары  біздің  мектепте жүргізіліп  жатыр. Директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Қарымбай алдымен  оқушыларға  мотивация бере отырып, білім сапасын арттыру мақсатында  lesson  study тобын құрды. Топтың отырысын өткізді. Ол жерде  зерттеу  сұрақтары  айқындалып, тиісті  сыныпты таңдалынып  алынды. Бірлесіп таңдалған сабақты жоспарлады. Бақылау  парағын құрып, зерттеу  сабағын өткізетін  пәндер  айқындалды.  Сосын  сол сабақтарды  беретін  педагогтермен  кәсіби  сұхбат жүргізді. 
29.11.2022жылы зерттеу  сабағының  үшінші сабағы  алгебра пәнінен болды.
@almatydaryny @almaty_mektepteri @auezovpoo_ @edualmaty

Похожие публикации:

30 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
29 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!