ХАБАРЛАНДЫРУ!!! » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

«№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ де   

050031, Алматы қаласы, Аксай  2 ықшамауданы,   3 3үй

тел. 230-53-79

e-mail: school_aksai42@mail.ru



Қалалық балаларды оңалту орталығында сабақ беруге бос лауазымдарға конкурс жарияланады:

1. орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі орыс, қазақ бөліміне (2 ставка, тұрақты лауазым);

2. математика мұғалімі орыс,  қазақ бөліміне (2 ставка, тұрақты  лауазым);

3. бастауыш сынып мұғалімдері орыс, қазақ бөліміне (3 ставка, уақытша лауазым);

4. қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі (1 ставка, уақытша лауазым);

5. ағылшын тілі пәні мұғалімі (1 ставка, уақытша лауазым).


Қабылдау enbek.kz сайт арқылы жүзеге асырылады, құжаттар мектептің қабылдау бөлмесіне (№11 кабинетке) қағаз түрінде тапсырылады. Құжаттарды қабылдау 05.08.2023 жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. Бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет. Аталған бос лауазымға конкурс 2023 жылғы 11 қыркүйекке дейін мерзімде өткізіледі.


«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде конкурстық комиссияға ұсынылатын құжаттар тізімі:


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) № 57 Бұйрығы   Қағидаларының 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) №57 бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

       

№57 бұйрықтың Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.


















Похожие публикации:

14 тамыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
14 ақпан 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
28 желтоқсан 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
30 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
29 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!