Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстаз деген ұлы есім"
30
қыркүйек
2022
"Ұстаз деген ұлы есім"
“Ұстаз деген ұлы есім” Білім нәрі ең алғаш ұстаздардан бастау алады. Бала үшін жанын берген ұстаздарымызға мың алғыс!!!  Ұжым ол біздің екінші отбасымыз. Барлық қиыншылықта да қуанышта да бірге жүретін, еш уақытта қолдауын аямайтын №42 ЖББМ ұжымына мың алғыс. “Күшіміз бірлікте” тек алға 42 Мектеп Директорымыз Тегимбаева Салтанат Мухитдиновна Ұстаздар күніне орай мұғалімдерді құттықтап, алғысын білдірді.
"Дублер күні" өтті
30
қыркүйек
2022
"Дублер күні" өтті
2022 жылдың 30 қыркүйек күні  №42 ЖББМ мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «Өзін өзі басқару» ұйым мүшелері, мектеп парламенті «Дублер күнін» ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары өздерін ұстаздар рөліне алмастырып көрді. Олар алдын-ала пән мұғалімдерімен біріге отырып сабак жоспарларын даярлап, орта және бастауыш сынып оқушыларына әр түрлі пәндерден сабақ өткізді. Дублёр
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
29
қыркүйек
2022
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
ХАБАРЛАНДЫРУ «№42 Жалпы білім беретін мектеп» КММ-де педагогінің уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсы өткізілетіні хабарланады: Мектепке даярлық тобының мұғалімі – 1 орын (уақытша) Құжаттар электронды және қағаз түрінде қабылданады. Мекен жайы: Ақсай -2, №33 үй «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы
"Дублер күні" мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін ұйымдастыру.
20
қыркүйек
2022
"Дублер күні" мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін
Алматы қаласы Білім Басқармасының "Алматы Дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесінің 20.09.2022 жыл №235-22 хатына сәйкес 30 қыркүйек Мұғалімдер күніне арналған  "Дублер күнін" мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін ұйымдартырамыз. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз...
"Мектептегі бопсалаудың алдын алу" шаралары
20
қыркүйек
2022
"Мектептегі бопсалаудың алдын алу" шаралары
«Мектептегі бопсалаудың алдын алу» шаралары жайлы дәріс оқылды. 2022 жылдың 20 қыркүйек күні мектеп инспекторы, майор Қадырмұратова Динара Қадырмұратқызы «Мектептегі босалаудың алдын алу» шаралары жөнінде 6 – 7 сынып оқушыларына дәріс оқыды. Дәрісте бопсалау дегеніміз не екенін және оның артында қылмыстық жаза тұрғанын түсіндірді.  Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым   жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу  түрінде көрінетін қылмыс
"Менің сүйікті қалам" тақырыбында суреттер сайысы өтті.
16
қыркүйек
2022
"Менің сүйікті қалам" тақырыбында суреттер сайысы өтті.
«Менің сүйікті қалам» тақырыбында суреттер сайысы өтті. 2022 жылы қыркүйек айының 14 мен 16 жұлдызы аралығында «Менің сүйікті қалам» тақырыбында      5 – 7 сынып оқушылары арасында суреттер сайысы өтті. Мақсаты: Қаламызға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған
НАШАҚОРЛЫҚ - АУЫР ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ - МІНДЕТ.
14
қыркүйек
2022
НАШАҚОРЛЫҚ - АУЫР ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ - МІНДЕТ.
Нашақорлықтың алдын алу және зиянды заттарды қолдану зияны туралы дәріс оқылды.  Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні «№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ мектеп инспекторы, майор Қадырмұратова Динара Қадырмұратқызы нашақорлықтың, темекі шегудің алдын-алу үшін, алкогольді теріс пайдалану және беттік белсенді заттардың алдын-алу жұмысы бойынша 7 – сынып оқушыларына дәріс оқыды. Дәрісте, денсаулық жаулары деп аталатын “ішімдік ішу”, “шылым шегу”, “нашақорлық” сияқты зиянды әрекеттерге, олардың адам
Құттықтаймыз!!!
27
тамыз
2022
Құттықтаймыз!!!
Жас ұрпақ бойына сапалы білім және ұлттық құндылық қалыптастырудағы шығармашылық табыстары үшін мектебіміздің биология пәні мұғалімі Жакыпова Айгуль Ергешбековна мен музыка пәні мұғалімі Буренкова Алла Владимировна марапатқа ие болды.