«Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау рәсімі » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қараша
2020

«Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау рәсімі

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

«№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ

«Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау рәсімі туралы анықтама.


Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубының негізгі мақсаттары мен міндеттері мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау,  жемқорлыққа қарсы сипатты  шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады. Осы мақсатта 15.10.2020 жылы «№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау рәсімін өткізді. Рәсімге 6-7-8 сынып оқушылар қатысты. Барлығы 10 оқушы қатысып, салтанатты түрде антты қабылдады. 



Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше. Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған.

Сонымен қатар 6-7-8 сынып оқушылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында челлендж түсіріп, ауданның басқа мектептеріне жолдады. Оқушыларымыз «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Алға Қазақстан!» деп ұрандады.  

                                                                           

«Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» демекші осы ұйымға қабылданған әрбір оқушы болашақта адал, саналы тұлға болатынына сенеміз!

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                     А.Н.Тасболатова