Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13110 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | А. Сәрінжіпов | |
Қазақстан Республикасы | ||
Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2018 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
консультация – білім беру ұйымы белгілейтін экстерндермен жұмыс жүргізу нысаны;
экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
экстерн - денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ және/немесе шетелде уақытша тұратын, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өзі дербес меңгерген тұлға.
2-тарау. Экстернат нысанында оқыту тәртібі
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2021 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:
1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;
2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;
3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға;
мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары):
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 181 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18896 болып тіркелген) бекітілген жеңімпаздарының мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуына рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесіне сәйкес халықаралық, республикалық конкурстардың және фестивальдардың жеңімпаздарына.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында:
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтінішті:
Ескерту. 9-1-тармақмен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Ағымдық, қорытынды аттестаттау нысаны мен мерзімдерін білім беру ұйымының басшысы белгілейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Хаттамаға аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелерінің жазбаша материалдары қоса тігіледі.
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін өзі тану, дене тәрбиесі, технология, алғашқы әскери дайындық, музыка, сызу бойынша аттестаттау өткізілмейді, ал білімі туралы құжатта "оқылған жоқ" деген жазу жазылады.
Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
Ескерту. 20-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаса және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынса көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тиісті білім беру ұйымынан мәліметтерді алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды. Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрық әзірленеді және басшымен келісіледі.
Осы Қағидаларға Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-тің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге оң нәтиже немесе дәлелді бас тарту жауабы құрылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Экстернат нысанында оқыту |
Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері | ||
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. | ||
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі- 10 жұмыс күні. | ||
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) | ||
5 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды. | ||
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін | ||
7 | Жұмыс кестесі | 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін 13.00-ден 14.30-дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес; 2) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болған техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; 2) порталда www.egov.kz. | ||
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер | 1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық сұрату нысанындағы өтініші; 2) денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін – "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 026/е нысанында дәрігерлік-консультациялық комиссияның электронды қорытындысы; 3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі; 4) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкенде көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы; 5) білім алушы ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шетелге шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаты. | ||
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. | ||
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде, 8-800-080-7777, 1414 бірыңғай байланыс орталығында орналастырылған. | ||
Экстернат нысанында оқыту | ||||
Нысан
Өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама Хабарландырылады
Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау кезінде құжаттар топтамасында
__________________________________________________________________________
(тапсырылмаған немесе сәйкес келмейтін құжаттарды көрсету)
анықталды, осыған байланысты экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қараудан бас тартылды.
__________________________________________________________________________
(өтінішті қараудан бас тарту үшін жауапкершілікті өзіне алған ұйымның атауы мен мекенжайы)
Экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімнің тіркеу
нөмірі және күні:
№ _____________________ "____" _____________________ 20 __ж.
_____________________ _________________________________
(лауазымы) (инициалдары, фамилиясы)
Жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Экстернат нысанында оқыту | |
Нысан |
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді
Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Дербес нөмір: _______
Алған уақыты мен күні: _____________________
________________________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан
ҮЗІНДІ
Азамат (-ша): ________________________________________________ (көрсетілетін қызметті
алушының Т.А.Ә. (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш берген күні: _______________________
_______ жылғы __ _______ бұйрықтың негізінде негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді.
________________________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның Т.А.Ә.(бар болса), лауазымы)
Жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Өзгерістер енгізілетін кейбір | |
Экстернат нысанында оқыту | |
Кімге:_____________ басшысы |
Экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруге өтініш
Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-4) , 3-тармақ, 25-7) тармақшаларына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес
_______________________________________________________
оқушының Т.А.Ә. (бар болса), туған күні (білім беру ұйымының атауын, сыныбын көрсету)
білім беру ұйымында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруді сұраймын.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын ақпараттық жүйелердегі құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"_____" ____________ 20___ ж.
Мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК