ХАБАРЛАНДЫРУ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №42»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 230-53-79
Бухгалтерия
+7(727) 230-54-20
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
28
декабрь
2022

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«42 Жалпы білім беретін мектеп» КММ-де педагогінің бос лауазымына тағайындау конкурсы өткізілетіні хабарланады:

География пәні мұғалімі қазақ және орыс сыныптарына – 1 орын (уақытша)

Құжаттар электронды және қағаз түрінде қабылданады.

Мекен жайы: Ақсай -2, №33 үй

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 февральдағы № 57 Бұйрығы негізінде конкурстық комиссияға ұсынылатын құжаттар тізімі:


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) № 57 Бұйрығы   Қағидаларының 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 октябрьдағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) №57 бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

       

№57 бұйрықтың Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.



Похожие публикации:

30 сентябрь 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
29 сентябрь 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!