Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №42»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 230-53-79
Бухгалтерия
+7(727) 230-54-20
Версия для
слабовидящих
» » » Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы
01
сентябрь
2023

Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы

Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы


«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 августдағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:

         2023 жылғы 1 сентябрь – 2024 жылғы 25 майды қоса алғанда:

         1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:

         1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2023 жылғы 30 октябрьнан бастап 5 ноябрьны қоса алғанда);

         2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2023 жылғы 29 декабрьнан бастап 2024 жылғы 7 январьды қоса алғанда);

         3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2024 жылғы 21-31 март аралығында); 

1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 5-11 февраль аралығында).       

         4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

         2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 29 майдан бастап 10 июнь аралығында;

11 (12)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 майдан бастап 11 июнь аралығында.

3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып оқушылары үшін:

1) қазақ тілі/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2024 жылғы 29 май;

2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы)                – 2024 жылғы 3 июнь;

3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2024 жылғы 6 июнь;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы 10 июнь;

11 (12)-сынып оқушылары үшін:

1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 28 май;

2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан                        – 2024 жылғы 31 май; 

3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2024 жылғы 4 июнь;  

4)  орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2024 жылғы 7 июнь; 

5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы          11 июнь.

4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 сентябрьтен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.



Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі


Г. Бейсембаев



Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 04.10.2023

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 33501 болып енгізілді


Результаты согласования

Министерство просвещения РК - Заместитель директора Тимур Владимирович Давлет, 03.10.2023 17:58:25, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 04.10.2023 16:10:19, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Оқу-ағарту министрлігі - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Г. Бейсембаев, 04.10.2023 16:28:15, положительный результат проверки ЭЦП