ЖАҢАРУ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ!
ЖАҢАРУ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ! Наурызнаманың тағы бір бөлігі – жаңару. 19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. "Жаңару" күні мектебіміздің 11 - сынып оқушылары мектеп ауласын көгалдандыру, безендіру үшін түрлі ағаштарды отырғызу арқылы "Жаңа көшеттер – жаңа идеялар – ел дамуының жаңа кезеңі" атты акциясына қатысты. Бұл көшеттер табиғаттың, мемлекеттің және қоғамның жаңаруының символына айналсын. #біртұтас_тәрбие #ұлттық_киім