«Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқау өтті. » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қаңтар
2023

«Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқау өтті.

Алматы  қаласы Білім   басқармасының   «Алматы дарыны»  дарынды  балалар мен  талантты  жастарды  анықтау  және қолдау  жөніндегі орталықтың  жоспарына  сәйкес  18  - қаңтар 2023  жылы Әуезов ауданы  Білім бөлімінің  әдіскері Жибек Серикбаевнаның  бағыт-бағдарымен  «№42 ЖББМ»  КММ-ның  мектеп  базасында   жалпы  білім  беру  ұйымдарының 8-11 сынып  оқушылары  арасында  өткізетін  «Абай әлемі» атты  республикалық    шығармашылық  байқаудың  аудандық  кезеңі  өтті. Байқау  «Жүрегімнің түбіне терең бойла...»  ақындар  мүшәйрасы  және  «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...»   эссе жазу  сында  2  бағыттан  тұрады. Оған   аудан мектептерінің  63 – ке  жуық оқушылары қатысты.  Қалалық кезеңге   8 оқушы  қатысады.   1,2,3 дәрежелі дипломдармен  36   оқушы   марапатталды.  Мектеп директоры Тегимбаева Салтанат Мухитдиновнаның  қолдауымен оқу-тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары  М.О.Муталиев,   А.Қарымбай  жоғары деңгейде  ұйымдастырды.  Қазақ  тілі мен әдебиет пәні  бірлестігінің  бірқатар  мұғалімдері де   белсенді  атсалысты. @almatydaryny @auezovpoo_ @edualmaty @almaty_mektepteri