Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!» » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қараша
2020

Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!»

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

«№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ

«Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!» атты тақырыпта қашықтықтан алтын күз мерекесі өтті.


2020 жылдың қазан айының 19 – 29 аралығында «Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!» атты тақырыпта қашықтықтан алтын күз мерекесі өтті. Мақсаты: Мектебімізде қашықтықтан өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш мереке екенін, көңіл-күй сыйлау, жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу еді. Алтын күз мерекесін екі бағытта, сайыс түрінде өтті. Бірініші, «Сұлу мезет – сырлы күз» атты отбасылық қолөнер байқауы. Бұл байқаудың мақсаты:

  • Ата-ана мен оқушының арасындағы байланысты еңбекке баулу арқылы нығайту;
  • Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету;
  • Күз – молшылық мезгілі. Сол арқылы балаларға еңбектің, молшылықтың қадірін түсіндіру.

Байқау шарттары:  

  • Күз тақырыбына сай болу;
  • 1-7 сынып оқушылары ата-аналарымен қатыса алады;
  • Ата-ана мен баласы бірлесе орындау;
  • Мағыналылығы мен тапқырлығы;
  • Жеміс-жидектер мен ағаш жапырақтарын пайдалану.

Екінші, «Күзде ашылған жыр гүлі» атты видео-байқауы.

Байқау мақсаты мен міндеттері:            

  • Балалар арасында қазақ ақындарының өлеңдерін насихаттау;
  • күз мезгілінің құдіретін сезіндіру;
  •  балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;
  • өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
  • артист талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.

Байқаудың шарты:

  • 8-10 сынып оқушылары қатыса алады;
  • күз тақырыбында ақындардың  танымал өлеңін жаттау;
  • видеоны табиғат аясында оқып, түсіру;
  • видео ұзақтығы 3 минут;
  • видеоның сапасы ескеріледі.

Байқауға 1 – 10 сынып оқушылары белсене қатысты. Байқау қорытындысы шығарылып, жүлдеге ие болған оқушылар марапатталды.