АҚБЕРЕН республикалық өнер байқауы » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қазан
2023

АҚБЕРЕН республикалық өнер байқауы

Алматы қаласы Білім басқармасының  "Алматы дарыны"  дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі  8-11 сынып оқушылары арасында АҚБЕРЕН  республикалық өнер байқауының  АУДАНДЫҚ кезеңі өтті. 
Мақсаты: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға, шығармашылық қабілетті, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық,шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу. Ұйымдастыруға ат салысқан педагогтер: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Қарымбай және мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  әдістемелік бірлестігі. 
Әуезов ауданының мектептерінен 80-ге жуық оқушы қатысты. Байқаудың ережесіне сәйкес 6 номинация бойынша сайыс өтті. 1-орын иеленген оқушылар қалалық кезеңге өтті.