Хабарландыру
Құрметті ата аналар!
Алматы қаласы Білім басқармасының №42 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, соның ішіндегі 4,9,11 сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
- Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтын алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандайда бір сыйлық ұсынуға, мектеп бітіру кештеріне, емтихан ұйымдастырылуына, аттестат жазуға, виньеткаға түсу үшін ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
- Материалдық сыйлақтар беру – заңға қайшы.
- Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне қатысуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға және басқа орындарға баруға рұқсат етілмейді.
- Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, ақшалай қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
- Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет!
Ескерту!
Аталған талаптар 4,9,11 сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты. Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауларыңызды сұраймыз.
Біз балаларыңызға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.
Біздің мақсатымыз – сапалы білім беру, тәрбиелі ұрпақ өсіру. Сондықтан, мереке қарсаңындағы ең жақсы сыйлық – шынайы алғыс пен жылы лебіздеріңіз болсын!
Құрметпен, мектеп директоры Салтанат Мухитдиновна!