"Дублер күні" өтті » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №42»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 230-53-79
Бухгалтерия
+7(727) 230-54-20
Версия для
слабовидящих
30
сентябрь
2022

"Дублер күні" өтті

2022 жылдың 30 сентябрь күні  №42 ЖББМ мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «Өзін өзі басқару» ұйым мүшелері, мектеп парламенті «Дублер күнін» ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары өздерін ұстаздар рөліне алмастырып көрді. Олар алдын-ала пән мұғалімдерімен біріге отырып сабак жоспарларын даярлап, орта және бастауыш сынып оқушыларына әр түрлі пәндерден сабақ өткізді. Дублёр күні барлығы 1400 дей оқушы қамтылды. Мереке соңы оқушылар дайындаған концертке ұласты. Оқушылар өздерінің ән, би, оқыған өлең жолдары арқылы ұстаздарға деген алғыстарын, олардың тек білім ғана беріп қоймай, жан жылуын қоса беретіндігіне ризашылықтарын білдірді. Ұстаздар қауымы да тамаша сезімде бойларына күш-қуат алып, куанышта болды.