Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!»
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
«№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ
«Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!» атты тақырыпта қашықтықтан алтын күз мерекесі өтті.
2020 жылдың октябрь айының 19 – 29 аралығында «Кел жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!» атты тақырыпта қашықтықтан алтын күз мерекесі өтті. Мақсаты: Мектебімізде қашықтықтан өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш мереке екенін, көңіл-кдомсыйлау, жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу еді. Алтын күз мерекесін екі бағытта, сайыс түрінде өтті. Бірініші, «Сұлу мезет – сырлы күз» атты отбасылық қолөнер байқауы. Бұл байқаудың мақсаты:
- Ата-ана мен оқушының арасындағы байланысты еңбекке баулу арқылы нығайту;
- Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету;
- Күз – молшылық мезгілі. Сол арқылы балаларға еңбектің, молшылықтың қадірін түсіндіру.
Байқау шарттары:
- Күз тақырыбына сай болу;
- 1-7 сынып оқушылары ата-аналарымен қатыса алады;
- Ата-ана мен баласы бірлесе орындау;
- Мағыналылығы мен тапқырлығы;
- Жеміс-жидектер мен ағаш жапырақтарын пайдалану.
Екінші, «Күзде ашылған жыр гүлі» атты видео-байқауы.
Байқау мақсаты мен міндеттері:
- Балалар арасында қазақ ақындарының өлеңдерін насихаттау;
- күз мезгілінің құдіретін сезіндіру;
- балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;
- өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
- артист талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.
Байқаудың шарты:
- 8-10 сынып оқушылары қатыса алады;
- күз тақырыбында ақындардың танымал өлеңін жаттау;
- видеоны табиғат аясында оқып, түсіру;
- видео ұзақтығы 3 минут;
- видеоның сапасы ескеріледі.
Байқауға 1 – 10 сынып оқушылары белсене қатысты. Байқау қорытындысы шығарылып, жүлдеге ие болған оқушылар марапатталды.