ХАБАРЛАНДЫРУ❗️❗️❗️ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №42»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 230-53-79
Бухгалтерия
+7(727) 230-54-20
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
26
август
2024

ХАБАРЛАНДЫРУ❗️❗️❗️

Бос лауазымға орналасу үшін конкурс өткізу туралы

Хабарландыру


           «№42 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жығы 21 февральдағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3- тарауына сәйкес (2023 жылғы 15 августдағы өзгерістермен толықтырулар енгізілген) және «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 июльде №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарауы 7 тармағы 64, 65, 66, тармақшаларына сәйкес  


Бос лауазымға орналасу үшін конкурс өткізеді

Конкурс мерзімі:

2024 жылғы 26 августдан 2 сентябрьке дейін

  • Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 тұрақты бос орын;
  • Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қалалық балаларды оңалту орталығына – 2 тұрақты бос орын;
  • Информатика пәні мұғалімі– 1 тұрақты бос орын;
  • Педагог-ассистент орыс сыныптарына – 2 бос уақытша орын;
  • Бастауыш сынып мұғалімі балаларды оңалту орталығына – 2 бос тұрақты орын;
  • Физика пәні мұғалімі - 1 бос тұрақты орын;
  • Аға тәлімгер – 1 бос тұрақты орын;
  • Аудармашы -1 бос тұрақты орын;
  • Тарих пәні мұғалімі – 1 бос тұрақты орын;
  • Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі – 1 бос тұрақты орын.
     
     

Қағидалардың 154 тармағының негізінде 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 октябрьдағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.Техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша   педагогтер және өндірістік шеберлер лауазымдарына , педагогикалық қызметке кіріскен тиісті мамандығы бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілімі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден бостылады.


Қағидалардың 155-тармағының негізінде:

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады


Қағидалардың 156 -тармағы негізінде 

Қағидалардың 154- тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттар электрондық түрде https://hr-nobd.iac.kz/  және enbek.kz сайттарына жүктеледі;

Құжаттарды қағаз түрінде келесі мекен жайға тапсырады:
 Алматы қаласы, Ақсай-2 шағын ауданы №33 үй, №11 қабылдау бөлмесі.

Дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 9.00 ден 17.00 ге дейін. Сағат 13.00-14.00 аралығы түскі үзіліс уақыты

Контакты телефоны : 87472971883




Похожие публикации:

08 ноябрь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
01 ноябрь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
01 сентябрь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
14 август 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!