ХАБАРЛАНДЫРУ!!! » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №42»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 230-53-79
Бухгалтерия
+7(727) 230-54-20
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
08
ноябрь
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

«№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ де   

050031, Алматы қаласы, Аксай  2 ықшамауданы,   3 3үй

тел. 230-53-79

e-mail: school_aksai42_



Директордың орыс сыныптарына информатика пәні мұғалімі бос лауазымына конкурс жарияланады.

Уақытша лауазым

Қабылдау enbek.kz сайт арқылы жүзеге асырылады, құжаттар мектептің қабылдау бөлмесіне (№11 кабинетке) қағаз түрінде тапсырылады. Құжаттарды қабылдау 05.08.2023 жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. Бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 февральдағы № 57 бұйрығына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет. Аталған бос лауазымға конкурс 2023 жылғы 11 сентябрьке дейін мерзімде өткізіледі.


«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 февральдағы № 57 Бұйрығы негізінде конкурстық комиссияға ұсынылатын құжаттар тізімі:


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) № 57 Бұйрығы   Қағидаларының 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 октябрьдағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) №57 бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

       

№57 бұйрықтың Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.


Похожие публикации:

01 ноябрь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
01 сентябрь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
14 август 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
28 декабрь 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
29 сентябрь 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!