Мектепшілік «Футбол» жарысы өтті » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қараша
2020

Мектепшілік «Футбол» жарысы өтті

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

«№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ


Мектепішілік «Футбол» жарысы жайлы анықтама.


2020 жылдың қараша айының 05 жұлдызында мектептің бітіруші түлектерінің арасында футбол ойынынан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты: мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, дене тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейту, оқушылардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту. Жарысқа мектебіміздің бітіруші түлектері яғни 11 «А», «Б», «В» сынып командалары қатысты. Жарысты мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Байсадық Мақсат Өмірғазыұлы басқарды. Жарысқа қатысушыларды мектептің  дене шынықтыру пәні мұғалімдері сапқа тұрғызып, жарыстың тәртібі мен ойын ережелерін түсіндірді. Жарыс әрі қызық, өте тартымды өтті. Жарысқа қатысушылар жоғары дайындықпен,  белсенділікпен қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:  І орын – 11 «А» сыныбы, ал ІІ орын – 11 «В» сыныбы және ІІІ орын – 11 «Б» сыныбы иеленді. Сондай – ақ «Үздік ойыншы» номинациясы бойында 11 «А» сыныбының оқушысы Нұрхатұлы Салауат марапатталды. Жарысқа қатысушыларға мектеп директоры Салтанат Мухиддиновна құттықтау тілегін айтып, алғысын білдіріп, марапаттады.