"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
шілде
2022

"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық"

Хабарландыру

Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы – 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Акцияның мақсаты:

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Сонымен қатар, науқан бойынша ақпараттарды әрбір білім беру ұйымының ресми сайттары мен әрбір аудан бойынша төмендегі белгіленген жедел желілер арқылы білуге болады:

  • Әуезов ауданы бойынша: +7(727) 230-53-79

Баршаңызды акцияға белсене атсалысуларыңызды шақырамыз!