"Алматы БАЛАФЕСТ" балалар фестивалі өтті... » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2022

"Алматы БАЛАФЕСТ" балалар фестивалі өтті...

1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, бейбіт өмір, ал балаларымызға бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Балалар жылына арналған «Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі аясында өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында і кезеңде ұйымдастырылған «Open Air Спорт» байқауын қорытындылауға арналған іс-шара өтті. Бүгін алаңдарда спорттық эстафеталар, мастер-класстар, квесттер және көптеген қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бүгінгі  іс-шарамыздың  қонақтары:
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Спорттың Құрметті қайраткері, КСРО спорт шебері - Ордабаев Құралбек Досжанұлы; 
Олимпиада чемпионы, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері -Ермахан Ибраимов;
Әуезов ауданы Білім бөлімінің басшысы – Койшыбаева Зоя Кошкинбаевна. Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы
Сонымен қоса, Фестивальге қатысушы спортышар бүгін  арнайы фестиваль аясында тағыда өз күштеріңізді сынау және спортқа деген қызығушылықтарыңызды арттыру мақсатында спорт түрлері бойынша алаңдар орнатылған. Осы алаңдарға барып өз қалауларыңызбен қалаған спорт түрі ойынша сынға түсті. Барлық спорт түрлері бойынша жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дайындалған медаль  мен дипломдарын алды. Барша спорт сүйер қауым спорт алаңдарына баруға рұқсат.
сонымен қоса, іс-шара соңында Әуезов ауданы әкімдігінің атынан баршы балаларға балмұздақ таратылды....