"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері.... » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
мамыр
2022

"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері....

Алматы қаласы Әуезов ауданы

    «№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ

 «Балдәурен»  жазғы сауықтыру лагері жұмысын жүргізуде.


Мақсаты: «Балдәурен» лагеріне келген әрбір оқушыны   жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету;

Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мен  уақытын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау;

Балалардың қауіпсіздігін ескере отырып, ережелерін үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру;


Міндеттері:

- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл - қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;

- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, байқаулар ұйымдастыру;

- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Мектеп  жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагеріндегі әр күн қызыққа толы өтуде. Лагерь жетекшісі   жоғары санатты  бастауыш сынып мұғалімі Бакенова Гаухар Әмзебековна  балалардың   дұрыс сауықтырылуы мен көңілді демалыс ұйымдастыруына бар күшін салуда.