«Көңілді старт» эстафеталық сайысы » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қараша
2020

«Көңілді старт» эстафеталық сайысы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

«№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ


Мектепішілік «Көңілді старт» эстафеталық сайысы жайлы анықтама.


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Тұңғыш Президент күні қарсаңында 2020 жылдың қараша айының 20 жұлдызында мектептің бітіруші түлектерінің арасында «Көңілді старт» эстафеталық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, дене тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейту, оқушылардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту. Жарысқа мектебіміздің бітіруші түлектері яғни 11 «А», «Б», «В» сыныптың қыздар командалары қатысты. Сайысты мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Мусин Рауан Касенгазыевич пен Сембеков Ерасыл Тоқтарұлы ұйымдастырып, басқарса, Оспанбеков Дидар Маратұлы мен Байсадық Мақсат Өмірғазыұлы төрелік жасап, әділ бағаларын берді. Сайысқа қатысушыларды мектептің  дене шынықтыру пәні мұғалімдері сапқа тұрғызып, сайыстың тәртібі мен ойын ережелерін түсіндірді. Жарыс әрі қызық, өте тартымды өтті. Жарысқа қатысушылар жоғары дайындықпен,   белсенділікпен қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:  І орын – 11 «А» сыныбы, ал ІІ орын – 11 «В» сыныбы және ІІІ орын – 11 «Б» сыныбы иеленді. Сайысқа қатысқан мектеп бітіруші түлектерімізге  мектеп директоры Салтанат Мухиддиновна құттықтау тілегін айтып, алғысын білдіріп, марапаттады.