Конституция күніне орай "Конституция - келешек кепілі" атты мерекелік іс-шара өтті. » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конституция күніне орай "Конституция - келешек кепілі" атты мерекелік іс-шара өтті.
28
тамыз
2023

Конституция күніне орай "Конституция - келешек кепілі" атты мерекелік іс-шара өтті.

Елдің  Ата  Заңы  ретінде  Конституция  Қазақстан  халқының  қалауын,   оның  елді  "ең  қымбат  қазынасы-адам  және  адамның  өмірі, құқықтары  мен  бостандықтары  болып  табылатындықтан  бүгінгі   "Конституция - келешек  кепілі" атты мерекелік   іс-шара  Конституция  күніне  арналды.  №42 жалпы білім беретін мектептің  "Болашақ-42"  бастауыш  партия  ұйымының     ықпалымен     бірнеше  мектептердің  оқушылары  қатысқан    суреттен,  патриоттық  әндерден   байқау  өтті.    Құттықтау  сөзін сөйлеп, оқушыларға  сәттілік  тілеп  және  шараны  ашып  беру  үшін   аталмыш  мектептің  директоры  Тегимбаева  Салтанат  Мухитдиновна,  AMANAT партиясының  Әуезов  аудандық  филиалының  төрайымы  Ордабаева  Найля  Алтынбековна     өскелең  ұрпаққа  рухты,  патриотты   сезім  сыйлады.   Шарада   патриоттық  әндерден  және  суреттен  байқау   ұйымдастырылды. Оған  №42 ЖББМ, №121 ЖББМ, №132 Г, "Жаңа  ғасыр " №175Г   20-ға  жуық  оқушылар  қатысты.  Одан  бөлек,   қатысушы  мектептерден    әділ-қазы  алқасы  тағайындалды.    Әуезов  аудандық   AMANAT   партиясының    қаржыландыруымен  көптеген  сыйлықтар алынған болатын. Соңында   барлық  оқушыларға   1,2,3  орындар мен  бағалы  сыйлықтар  табысталды.  Балалардың, келген  қонақтардың    көңіл-күйі  жоғары болды,  сыйлықсыз  қалған  оқушы жоқ. Қатысушылар мальбертте ұйымдастырылған бұрышта өз тілектерін қалдырды.