"Алаштың өшпес бейнесі" атты әдеби кеш өтті... » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №42» Управление образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№42 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 230-53-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 230-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қараша
2023

"Алаштың өшпес бейнесі" атты әдеби кеш өтті...

Қазақ халқының  тарихы мен әдебиетінен ойып тұрып орын алатын даңқты тұлғалардың бірі – Алаш зиялыларының бірі, ақын Мағжан Жұмабаев. Азаттық жолында жанын қатерге тіккен осынау парасатты перзенттің туғанына биыл 130 жыл толып отыр.  Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданы  №42 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі ұстаздарының және оқушыларының  ұйымдастыруымен   «Алаштың өшпес жұлдызы» атты аудандық әдеби  кеш өтті.  Кештің мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы,поэзия әлеміндегі алатын орны. Ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін естеліктер  қалдыру. Кешке  ауданның  мектептерінен 28 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.  Кеш соңында мектеп директоры  Тегимбаева С.М. және кеш қонақтары өз ризашылықтарын білдіріп, ұстаздарға шығармашылық табыс, өскелең жас ұрпаққа
өнерлерінің  шыңдалып, биіктерден көріне беруіне  тілек білдірді.  Дәл осы мерейтой аясында ақын Мағжанды ел арасында дәріптеп, оның шығармашылығы мен тағдыры жайлы сыр шерту әрбір азаматтың парызы деп білеміз. @auezovpoo_  @akimat_auezov @auezovtheatre @jastar_ruhy_auezov @edualmaty @almaty_mektepteri